Детский шахматный клуб

Менің ұлым екі жылдан астам уақыт осы шахмат клубына катысып жүр

    Менің ұлым екі жылдан астам уақыт осы шахмат клубына катысып жүр. Менің ойымша шахматтың балаларға деген пайдасы өте мол яғни балаларды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және тез қадам жасауға итермелейді. Шахмат бұл тек ойын ғана емес, балаларға көп куаныш, ләззат сыйлайтын, ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік жігерді қалыптастыруға және де басқада моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Балам алғашында ойынға онша қызығушылық таныта қоймаған еді. Бірақ, клубтың ұстаздары өздерінің тәсілдерімен баламның ойынға деген ынтасын оятты. Ұлым осы клубта өзіне жаңа достар тапты. Әр сабаққа куанышпен барып куанышпен ораламыз. Дәрісте жаңа тақырыптар өтеді және оқушылар арасында жарыстар ұйымдастырылады. Әр мереке сайын сынып ішінде өзара құттықтаулар ұйымдастырылады. Бұл да баламның ойынға деген құштарлығына, қызығушылығына үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан, шахмат ойынынан балалардың дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығамен матиматика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. «Чемпион» клубының ұжымына және ұстаздарына, алғысымды айтқым келеді. Ата-аналарга кеңесім ұл-қыздарыңызды шахмат ойынына беріңіздер!!!!!!!

    Абильда Батырханның ата-анасы

Заявка на бесплатное пробное занятие

ЗАЯВКА УСПЕШНО ОТПРАВЛЕНА!
Менеджер свяжется с вами для согласования времени пробного урока по указанным Вами контактам.